Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

0
2 022


Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын хабарлады

"Қазгидромет" орталығы мамандары 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыдай антициклон сілемі ықпал етеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек батыста, кезеңнің соңында, елдің солтүстік-батысында фронтальды бөлімдердің әсерінен жаяу бұрқасын соғып, қар жауады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, батыста жел күшеюі ықтимал», - делінген хабарламада.