Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

0
918

Алдағы күндері ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.


Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" орталығының синоптиктері 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрыңғыдай республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавианың солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Сондықтан көптеген облыста қар, бұрқасын, екпінді батыс желі, солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін, сондай-ақ тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 5...8°С-қа, солтүстік облыстарында 8…13°С-қа жоғары сақталады, - делінген хабарламада.