Сирия бойынша келесі келіссөз 2023 жылдың бірінші жартысында Астанада өтеді

0
731

22-23 қарашада Қазақстанның елордасында "Астана" форматындағы келіссөздер өтті.


Сирия бойынша келесі келіссөз 2023 жылдың бірінші жартысында Астанада өтеді

ERNUR.KZ. Сирия бойынша Астана процесінің кепіл елдері 20-шы халықаралық кездесуді 2023 жылдың бірінші жартысында Қазақстан астанасында өткізуге келісті, деп жазады sputnik.kz.

Бұл туралы Астана форматындағы Сирия бойынша өткен 19-шы халықаралық кездесудің қорытындысы жөнінде Ресей, Иран және Түркияның бірлескен мәлімдемесі барысында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов мәлімдеді.
"Сирия бойынша 20-шы халықаралық кездесуді 2023 жылдың бірінші жартысында Астанада өткізуге келістік. Ресей Федерациясында келесі саммитті ұйымдастыру туралы 2022 жылдың 19 шілдесіндегі үшжақты мәлімдемеде бекітілген келісімді айқындадық", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары.
22-23 қарашада Қазақстанның елордасында "Астана" форматындағы келіссөздер өтті. Консультациялардың 19-ншы раундына процеске кепіл елдердің (Ресей, Түркия, Иран) делегациялары, Сирия үкіметі мен оппозициясының, сондай-ақ БҰҰ өкілдері қатысты.