«Сізге тексерумен келеміз!» Кәсіпкерлерге осындай push келуі мүмкін

0
891

Тексеру жүргізудің электронды жүйесі 2018 жылдың шілде айында іске қосылған болатын.


«Сізге тексерумен келеміз!» Кәсіпкерлерге осындай push келуі мүмкін

ERNUR.KZ. «Сізге тексерумен келеміз!» - міне кәсіпкер болсаңыз ұялы телефоныңызға осындай Push-хабарлама келуі мүмкін, деп жазады Алтайньюс.

"Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді азайту және айқындылығын қамтамасз ету мақсатында елімізде мемлекеттік органдардың бірыңғай «Тексеру субъектілері/объектілерінің біріңғай тізілімі» электронды жүйесі іске қосылған" - дейді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәзигүл Сматова.

Тексеру жүргізудің электронды жүйесі 2018 жылдың шілде айында іске қосылған болатын. Бүгінде аталмыш жүйе бақылаушы органдар қызметшілеріне кабинеттерінен шықпай-ақ тексеру нысандарын белгілеуге, ал кәсіпкерлерге тексеру туралы уақытылы хабар алуға мүмкіндік берді.

Құзырлы мекеме басшысының айтуынша, тексеру актілері тіркелген соң кәсіпкердің ұялы телефонына «Сізге тексерумен келеміз!» деген Push-хабарлама жіберілетін көрінеді.

"Кәсіпкерлер «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы бизнесін кімнің және қай уақытта келіп тексеретінін біліп, тексеріс негіздері мен талаптары жазылған парақшаларды да көре алады" - деп қосты жауапты тұлға.