Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
ERNUR.KZ. Петропавлда базалардың бірінде бес жігіт 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Олардың үшеуі қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 11 маусым күні полицияға "Березовая роща" демалыс базасының аумағында қызының зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданған.
"Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Зорлау" және "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" баптары бойынша енгізілді. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен демалыс базасының аумағында демалған Петропавл қаласының 17 мен 20 жас аралығындағы бес тұрғыны ұсталды. Үшеуі уақытша изоляторға қамалды, қалған екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі", – делінген ресми хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалып, тергеу жүргізілуде.