СҚО-да аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

0
469

Тергеу жалғасып жатыр.


СҚО-да аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

ERNUR.KZ. СҚО-да аудан әкімінің орынбасары пара алу бойынша күдікке ілінді, деп жазады tengrinews.kz.

"Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектісінен 10 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр.

Тергеу сотының санкциясы бойынша "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.