Полиция электронды түрде қару алуға рұқсат берді

0
2 041

Полиция «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде қару алу, сақтау, алып жүруге қаңтар айының ортасынан рұқсат бере бастады.


Полиция электронды түрде қару алуға рұқсат берді

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері қару алуға 145 рұқсат қағазы берілген, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қызметтердің барлығы электронды түрде көрсетілген. Полицейлер қару сатуға қағаз жүзінде тек үш құжат берген.

Полиция «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде қару алу, сақтау, алып жүруге қаңтар айының ортасынан рұқсат бере бастады.

«Бұл тұрғындарға ыңғайлы болуы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін істеліп отыр. Қару алғысы келетін адамға бұған қажетті мемлекеттік қызметтердің барлығын өз үйінде отырып «Электронды үкімет» порталы арқылы немесе ХҚО-да көрсетіледі. Ол үшін ЭЦҚ алып, қажетті құжаттар пакетін егжей-тегжейлі оқып шығу қажет», - дейді әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының бастығы Юрий Семенько.

Тәртіп сақшылары осы мәселеде полиция бөлімшесінен немесе 8 (7172) 71-41-36, 72-21-88, 72-26-31, 72-22-16 нөмірлері арқылы анықтама қызметінен және 1414 нөмірі арқылы Бірыңғай байланыс орталығынан кеңес алуға болатынын ескертеді.