СҚО-да браконьерлер адамды аң деп ойлап атып тастаған

0
630

Оқиға Баума ауылында 2020 жылдың шілде айында болған.


СҚО-да браконьерлер адамды аң деп ойлап атып тастаған

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында браконьерлер аңмен шатастырып, әйелді атып өлтірген. Полиция қызметкерлерінің біріне қылмысқа қатысы бар деген айып тағылды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қостанай қаласының тұрғыны Алтынбек Сайлауов Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен кездесуде қайғылы оқиға туралы айтып берді. Ол өлген әйелдің баласы.

Оның айтуынша, оқиға Баума ауылында 2020 жылдың шілде айында болған. Алтынбек анасының бидай алқабына жидек теруге шыққанын, заңсыз аңшылардың оған оқ атқанын айтты. Оның пайымдауынша, полицейлер браконьерлердің қылмысын жауып отыр.

«Адамды аңмен қалай шатастыруға болады. Оның үстіне оптика қаруымен атқан кезде. Куәгерлер бар»ғ – дейді ол.

Алтынбек тәртіп сақшыларының «Қызметтегі әрекетсіздігі» бабы бойынша сотталғанын, ал олар аңшыларға мылтықты тығып қоюға мүмкіндік бергенін, сондықтан оның пікірінше, полиция қылмысқа сыбайлас екенін айтады.

«Неліктен олар браконьерге қаруды, патрондарды тығып қоюға мүмкіндік беріп, тергеуді адастырды», - дейді ол.