Есіл өзені деңгейі Шөптікөл ауылының маңында таңғы сағат 8.00-де 331 см болса, төрт сағаттан кейін ол 41 см-ге жоғарылаған.
Фото: Рrimeminister.kz
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің суы Шөптікөл ауылының жанында 4 сағат ішінде 41 см-ге көтерілді, деп жазады kaz.inform.kz.
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, күннің жылынуынан қар мен мұз қарқынды еріп, өзендердің су деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен, бүгінгі сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша Возвышенка елді мекенінің маңында Аққанбұрлық өзенінің су деңгейі бір тәулікте 85 см-ге, Рузаевка ауылының маңында Шарлық өзені 73 см-ге көтерілген. Иманбұрлық, өзенінің де су деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді. Әзірге келер қауіп жоқ.
Есіл өзені деңгейі Шөптікөл ауылының маңында таңғы сағат 8.00-де 331 см болса, төрт сағаттан кейін ол 41 см-ге жоғарылаған.
Өзендер мұз құрсауында жатыр.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін-ертең өңірде жылы ауа райы сақталып, сынап бағанасы +17 С дейін жоғарыламақ. Салдарынан автожолдарды су басу қаупі бар.


