Өрт болған үйде ер адам төрт баласымен тұрған.
Фото: СҚО ТЖД
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Ступинка ауылында болған өрттен тағы бір адамның денесі табылды, деп жазады inform.kz.
Өрт болған үйде ер адам төрт баласымен тұрған. Әйелі бірнеше жыл бұрын көз жұмған.
Шал ақын ауданы әкімдігінің мәліметінше, үй иесі 1984 жылы туған ер адам, жергілікті шаруашылықтардың бірінде жұмыс істеген. Тұңғышы 18 жастағы қыз бала, мектепте вахтер болған. Одан бөлек үйде 6, 5 және 2 сыныптарда оқитын ұл-қыздары тұрған.
Ал 16 жастағы ұлы Петропавлда оқып жатыр. Оқиға кезінде ол үйде болмады.
Отбасы тұрмысы нашар ретінде де, басқа да ешқандай тіркеуге алынбаған екен.