​СҚО-да заңсыз казиноның жолы кесілді

0
1 159

Заңсыз казиноларды букмекерлік кеңсенің атын жамылып ұйымдастырған.


​СҚО-да заңсыз казиноның жолы кесілді

ERNUR.KZ. Петропавлда заңсыз жұмыс істеп келген 2 ойын бизнесінің жолы кесілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы өңірлік коммуникациылар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кірістер департаменті жетекшісінің орынбасары Нұрымжан Абатов мәлім етті.

Оның сөзінше, заңсыз казиноларды букмекерлік кеңсенің атын жамылып ұйымдастырған.

«Интернет сайттар арқылы құмар ойындарға ақша қоюға мүмкіндік жасалған. Заңсыз әрекеттерді жасыру үшін букмекерлік қызмет пайдаланылған», - деді Н.Абатов.

Петропавл соты заңсыз шараны ұйымдастырған азаматқа 1,3 млн теңге көлемінде айыппұл салып, тәркіленген заттарды мемлекет игілігіне жұмсау жөнінде үкім шығарды.

Сот үікімі бойынша, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру барысында пайдаланылған 125 жүйелеуші блок пен 99 монитор, 7 касса аппараттары мен 11 модем мемлекетке иелегіне өтті.

Мұндай жағдайда әдетте ғимаратты жалға беретін азаматқа да қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Н.Абатов Қазақстанда казино мен ойын автоматтары залын орналастыру тек Ақмола облысы Шучинск ауданы мен Қапшағай су қоймасының жағалауында ғана рұқсат етілгенін еске салды. Ал бұдан өзге орындарда ойын бизнесін ашу заңсыз болып табылады.