СҚО-дағы қайғылы оқиға: Екі баласынан айырылған ана палатаға ауыстырылды

0
524

Әйелдің сөзінше, отбасы мүшелері пицца, шұжық, дүкеннің түшпарасымен тамақтанып, газдалған сусын ішкен.


СҚО-дағы қайғылы оқиға: Екі баласынан айырылған ана палатаға ауыстырылды

ERNUR.KZ. Уланып ауруханаға түскен анасы мен баласының жағдайы жақсарды, деп жазады baq.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды жансақтау бөлімінен бөлмеге ауыстырды. Әйелдің жағдайы тұрақталып, жақсарған көрінеді.

Таңдағы тексеріске сәйкес әйелдің дене температурасы көтерілмеді, жүрегі айнымайды. Шағымы жоқ. Ол есін жиып, сөйлесе бастады. 17 маусымда жалпы қан талдауы алынды. Науқаспен психолог жұмыс істейтін болады, - делінген басқарма хабарламасында.

Оның баласының да жағдайы жақсарған. Қазір ол инфекциялық бөлімге ауыстырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, СҚО-да бүтін отбасы тамақтан уланды. Өкінішке қарай үш және алты жасар баласы қайтыс болды. Үлкен баласы анасымен бірге жансақтау бөліміне түскен.

Әйелдің сөзінше, отбасы мүшелері пицца, шұжық, дүкеннің түшпарасымен тамақтанып, газдалған сусын ішкен.

Алдын ала мәлімет бойынша қаза болған балаларға токсиндік тағамдық инфекция, инфекциялық-токсиндік шок, мидың ісінуі диагнозы қойылған.