«Смарт көзілдірік киіп келген»: Ғылым министрлігі ҰБТ кезіндегі ерекше «шпаргалкалар» туралы айтты

0
87

​Ғылым министрлігі тәртіп бұзған балалардың санын айтты.


«Смарт көзілдірік киіп келген»: Ғылым министрлігі ҰБТ кезіндегі ерекше «шпаргалкалар» туралы айтты

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде түлектер арасынжа жиі кездескен тәртіп бұзу фактілері туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, ҰБТ-ның бірінші аптасында 86 бала ереже бұзған.

«Соның ішінде, 46 талапкер смартфон, смарт көзілдірік, микро құлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Ереже бұзған тағы 40 түлекті бақылаушылар аудиториядан шыығарды. Олардың нәтижелері жойылды», - деп хабарлайды министрлік.

Ал, дереккөзге сүйенсек, түлектердің орнына басқа адамдар кірген фактілер тіркелмеген.