Сол жағалаудағы алапат өрт астаналықтардың зәресін ұшырды

0
588

Астанада Сол жағалауда салынып жатқан мектеп ғимараты өртеніп жатыр.


Сол жағалаудағы алапат өрт астаналықтардың зәресін ұшырды

ERNUR.KZ. Астанада салынып жатқан жалпы білім беру орталығы ғимаратының екінші қабатында ірі өрт шықты, деп жазады sputnik.kz.

Сол жағалаудағы қою түтін алыстан көрініп тұр, тұрғындар әлеуметтік желілерде фото және видео бөлісіп жатыр.
"Өртті сөндіру үшін оқиға орнында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында шамамен 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары өртенгені белгілі болды. Ғимарат Есіл ауданындағы Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында орналасқан.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.