Солтүстік Қазақстан облысындағы көпірлер қауіпті деп танылды

0
2 244

Ол ауыр жүк көліктерінің жүруі көпірдің онсыз да аянышты жағдайына кері әсерін тигізгенімен қатар, гидро торап кешенінің қызметкерлері үшін үлкен қауіп төндіретінін атап өтті: түсу кезіндегі күрт бұрылыс салдарынан бұл аумақта жиі апат болады.


Солтүстік Қазақстан облысындағы көпірлер қауіпті деп танылды

ERNUR.KZ. Петропавл және Сергеев гидротораптарындағы автожол көпірлер қауіпті деп танылды және бұл туралы тиісті сертификаттар бар, деді баспасөз туры барысында "Қазсушаруашылығы" облыстық филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин, деп жазады sputnik.kz.

"Біз Петропавл гидроторабындағы көпірдегі қозғалысты ең болмағанда ауыр көліктер үшін жабуды бірнеше рет ұсындық. Біздің бұл ескертуімізді естігенше жергілікті атқарушы органдар ешқандай шара қолданбай отыр", - деп шағымданды Ибатуллин.
Ол ауыр жүк көліктерінің жүруі көпірдің онсыз да аянышты жағдайына кері әсерін тигізгенімен қатар, гидро торап кешенінің қызметкерлері үшін үлкен қауіп төндіретінін атап өтті: түсу кезіндегі күрт бұрылыс салдарынан бұл аумақта жиі апат болады.

"90 градустық бұрылыс бар, ол жерден төмен түсу керек, сол кезде көліктердің тежегіштері істен шығады. Біздің қызметкерлер осындай қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Бірақ біз ештеңе істей алмаймыз", - деп шағымданды Шұғайып Ибатуллин.
Айта кетейік, көпірдегі соңғы апат өткен жұмада болды: КамАЗ жүк көлігі темір қоршауға ұшып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 24 жастағы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ал алдыңғы жылдары мұнда бірден екі ірі апат тіркелді. 2017 жылдың ақпан айында 30 тоннадан астам жанар-жағармай тиелген бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырады. Жанармай таситын көлік тайғақ жолда тас жолдан тайып, көпірдің бетон және металл қоршауын бұзып өтіп, судың үстіне ілініп қалған. Жүргізуші зардап шекпеді және кабинадан аман-есен шығып үлгерді. Көлікті шығарып алып, жанармай өзенге төгілмеуі үшін құтқару операциясына қатысушылар жанармайды басқа цистерналарға құюға мәжбүр болды.
2018 жылдың шілдесінде мұнда астық таситын көлік бұрылыс жасай алмай, артынша оған газ тасымалдаушы көлік соғылды. Бейнебақылау камераларына түсірілген жазбалардан жүк көлігінің бұрылу кезінде басқаруды жоғалтып, бөгет аумағына жоғары жылдамдықпен кіріп кеткені және сол сәтте жанында гидроторап жұмысшылары тұрған оператор бекетінің ғимаратына соғылғаны көруге болады. Бірнеше секундта ғимарат ішіне кіріп үлгерген адамдар ғажайыппен тірі қалды.
Көпірдің үстімен мемлекетаралық Челябі - Новосібір жолы өтеді және мұнда көп тонналық жүк көліктері жиі қатынайтыды. Ал гидроторап 1973 жылы пайдалануға берілген. Содан бері ешқандай күрделі жөндеу немесе тексеру жұмыстары жүргізілмеген.
"Көпірдің басты мақсаты – гидроторапқа қызмет көрсету. Жол апаты кезінде аумаққа осылай көлік кіріп кеткен сайын барлығын қалпына келтіру керек. Бірақ ең бастысы, мұнда тәулік бойы кезекшілік бар, яғни қызметкерлер үнемі осында болады. Біз барлық құзырлы органдарға хабарласып, түрлі нұсқаларды ұсынды. 22 шақырымға ұзағырақ балама жол бар. Бірақ бізге себебін түсіндірмей, ұсыныстан бас тартты", - деп шағымданды Ибатуллин.
Сондай-ақ, филиал басшысы республикалық жол өтетін Сергеев гидроторабындағы көпірдің де қауіпті деп танылғанын хабарлады.
Бұл ретте бөгеттердің өздері де қанағаттанарлық жағдайда.