Солтүстік Қазақстанда екі бала көз жұмды: анасы олардың не жегенін айтты

0
964

Үйдің отағасы ауруханаға жатудан бас тартты.


Солтүстік Қазақстанда екі бала көз жұмды: анасы олардың не жегенін айтты

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында екі бала көз жұмды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Раиса Құсайынова қайғылы оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп жазады sputnik.kz.

13 маусымда түнгі сағат 01:51-де Надежка ауылының медбикесіне сол жерде тұратын отбасы хабарласқан. Қоңырау шалған кісі үш адамның құсып жатқанын айтыпты.

"Медбике сол үйге барып, барлық адамды қарап шыққан. Медициналық көмек көрсетілді. Ал таңғы сағат 8-дің шамасында олар тағы медбикені шақырады. Ол қайтадан барды. Сол кезде 2021 жылы туған баланың қайтыс болғаны анықталды", - деді Құсайынова журналистерге берген сұхбатында.
Ауылға дереу екі жедел жәрдем көлігі келді. Біреуі 28 жастағы әйелді инфекциялық ауруханаға апарса, екінші көлік 7 және 10 жастағы баланы облыстық ауруханаға жеткізді.
"Оларды бірден жансақтау бөліміне жатқызды. 2017 жылы туған қыздың жағдайы өте ауыр болды. Оны жасанды тыныс алдыру аппаратына қосты. Кешкі сағат 20:50-де емдеу шараларына қарамастан, бүлдіршін қайтыс болды. Екінші қыздың жағдайы ауыр, тұрақты. Анасы жансақтау бөлімінде жатыр, қазір жағдайы тұрақты, сәл жақсарып келеді", - деп атап өтті Құсайынова.
Оның айтуынша, үйдің отағасы ауруханаға жатудан бас тартты.
"Анасы ауруханаға түскенде пицца, колбаса мен дүкен тұшпарасын жегенін айтты. Одан кейін Cola ішкен", - деді Құсайнова.
Басқарма басшысының орынбасары уланудың алдын ала себебін де айтты.
"Өлімнің алдын ала себебі – уытты тамақ инфекциясы, инфекциялық уытты шок, мидің ісінуі. Барлық метериал – тамақтың қалдықтары мен құсық массасы бактериологиялық зерттеуге жіберілді, барлық уытты инфекцияның бар-жоғы да тексеріледі. Ондай улану тамақтан болуы мүмкін", - деп атап көрсетті Құсайынова.
Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Қызметтік тексеріс те басталып кетті. Медбикенің жұмысына баға беріледі. Ал полиция тергеу шараларына кірісті.