Қазақстанда биыл 6 құс фабрикасының тұсауы кесілмек. Оның үшеуі Қызылжар өңірінде ашылады.
ERNUR.KZ.Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылында құс фабрикасының тұсауы кесілді, деп жазады baq.kz.
Кәсіпорын жылына 10 мың тоннаға дейін тауық етін шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында жаңадан 170 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңірдегі тілшісі.
Құс фабрикасын салуға 7,2 млрд теңге жұмсалды. Оның 4 млрд теңгеден астамы мемлекет есебінен бөлінді. Кәсіпорын несиені 8 жылда қайтаруы тиіс. Ал инфроқұрылым бюджет есебінен тартылған.
Менің құс еті өндірісі саласында еңбек етіп жүргеміне 12 жыл болды. Бұған дейін Петропавл бройлер фабрикасында жұмыс істедім. Мына кәсіпорында техниканың барлығы жаңа. Жалақысы да көбірек. Қаланың ар жағында тұрсам да, қызметтік көлік алып келіп, үйге апарып тастайды. Ұжымға әлі де мамандар қажет, - дейді фабрика жұмысшысы Наталья Белобородова.