Солтүстік Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын ажалдан алып қалды

0
81

Жоғалған азамат қонақтан сәл масаң күйде шығып, үйіне қайтар жолда адасып кеткен.


Солтүстік Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын ажалдан алып қалды

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында учаскелік инспектор аязда есінен танып қалған азаматты құтқарды, деп жазады sputnik.kz.
Түнгі 01:00 шамасында Бекзат Қайсаев қызмет көрсететін аумағын аралап болып, үйіне қайтып келе жатқан инспекторға ауыл тұрғындарының бірі хабарласып, ағасының жоғалғанын айтқан.
"Жоғалған азамат жұмыс істейді, есепте тұрмайды. Қонақтан сәл масаң күйде шығып, үйіне қайтар жолда адасып кеткен. Ал ол түні ауа температурасы –30 градус аяз болған", - дейді полиция.
Бекзат Қайсаев жедел түрде шақыртуға шығып, арызданушымен бірге іздестіру жұмыстарын бастаған. Шамамен 30 минуттан кейін полицей елді мекеннің қараңғы көшесінен жоғалған азаматты ес-түссіз күйде тауып алған.

Ер адам үйіне жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта 37 жастағы ауыл тұрғыны медициналық мекемеде. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.