Жоғалған жасөспірім Айкүміс Қуатбектің әпкесі Айдана сіңлісінің жағдайына алаңдаулы.
ERNUR.KZ. Алматы облысында 16 жастағы жасөсіпірім қыз үш күннен бері табылмай жатыр. Ол дүкенге балмұздақ әкелемін деп шыққаннан із-түссіз жоғалған. Жақындары кейіннен оның өзбекстандық жігіті болғанын және соңғы рет сол адаммен байланысқа шыққанын жеткізді. Алайда полицейлер қызды әлі іздестіріп жатыр, деп жазады stan.kz.
Жоғалған жасөспірім Айкүміс Қуатбектің әпкесі Айдана сіңлісінің жағдайына алаңдаулы. Айтуынша үш күннен бері қыздан еш хабар жоқ.
“14 шілде күні дүкенге балмұздақ алып келемін деп шығып кеткен. Содан оны ешкім көрмепті. Достарынан да сұрап көрдік. Жоғалғаннан кейін 2 сағаттан соң полицияға хабарластық. Кейін оның өзбекстандық жігіті болғанын білдік. Алайда ол жігітті танымаймыз да. Соңғы рет сол жігітпен сөйлескен. Егер алып қашқан болса, ендігі хабар бермейтін бе еді? Әлі табылмай жатыр, алаңдап отырмыз”, – деді әпкесі Айдана.
Айкүміс 14 шілде күні сағат 17:00-дерде Еңбекшіқазақ ауданы, Қырбалтабай ауылындағы Әубәкіров 13 көшесіндегі үйінен шығып кеткен.
Жеке белгілері: Бойы 155-160 см, дене бітімі толықтау, шашы қара, иығынан асады, көзі қоңыр. Қыздың үстінде қара сұрғылт жейде мен қара шалбар болған.
Айкүмістің жақындары егер оны көрген адамдар болса, мына номерге хабарласуды сұрайды:
8 701 375 92 91
8 705 105 31 31