«Сот орындаушысының көмекшісі болған»: бүкіл отбасынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы өмірі қандай еді (ВИДЕО)

0
99

Оның әпкесі әлеуметтік желіге бірнеше видео жүктеген.


«Сот орындаушысының көмекшісі болған»: бүкіл отбасынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиеваның бұрынғы өмірі қандай еді (ВИДЕО)

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Экс-күйеуі Сұлтан Сәрсемәлиев әке-шешесі мен бауырларын өлтіріп тастаған Ақбаян Мұқанғалиева өмірге қайта бейімделіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оның әпкесі әлеуметтік желіден парақша ашып, Ақбаянның жаңа өмірге қалай бейімделіп жатқанын көрсетіп жүр.

Мәселен, парақшадағы сондай бір видеолардың бірінде Ақбаян Мұқанғалиева осы трагедияға дейін жұмыс істегені хабарланған. Дәлірек айтсақ, әпкесі оның бұрын сот орындаушысының көмекшісі болғанын жазған.

Бейнежазбада байқалып тұрғандай, Ақбаян алдындағы ноутбук пен құжаттарға қарап, жұмыс істеуге тырысып жатыр. Сондай-ақ, тағы бір видеода ол сурет салып жатса, енді бір видеода кешкі серуен кезінде әпкесімен жылы әңгімелескен сәті бейнеленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары - 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылған.

Кейін Атыраудағы ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен олардың күйеу балалары Индонезияда қолға түскен болатын.

Атырау облысының прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев балдызы балдызы Наурыз Мұқанғалиевті мамырда, ал, қайын атасы мен қайын енесін және тағы бір балдызын қараша айында өлтірген.

Сұлтан Сәрсемәлиев биыл шілдеде өмір бойына сотталған болатын.