​Сотталушылар қайтыс болған қыздың отбасына 50 миллионнан аса өтемақы төлейді

0
89

Бүгінгі сот отырысына Әлина Серікованың әкесі мен анасы және інісі Бауыржан Жолжан да қатысты.


​Сотталушылар қайтыс болған қыздың отбасына 50 миллионнан аса өтемақы төлейді

Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

ERNUR.KZ. Олар материалдық өтемақы ретінде 19 миллионнан астам және моральдық зиян үшін 30 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі тиіс, деп жазады inform.kz.

Бүгінгі сот отырысына Әлина Серікованың әкесі мен анасы және інісі Бауыржан Жолжан да қатысты. Сот басты сотталушы Нұргелді Сейітқалиевке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазысын тағайындады. Сотталушы Еркебұлан Аманқосқа 16 жылға, Мерей Аралбай, Жалғас Үсенғалиев пен Дархан Құлбасқа 13 жылдан берілді.

Еске салсақ, Ақтауда спортшы қызды 5 тұрғын күшпен алып кетіп, қорлап, зорлық көрсеткен еді. Салдарынан 30 жастағы қыз өзіне қол жұмсап, қаза тапты.
Бұған дейін 30 қаңтарда Маңғыстау облыстық сотында Әлина Серікованың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы өткенін жазған едік.