Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0
1 127

Кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Жоғары сот кеңесі тарапынан мақұлданған


Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ERNUR.KZ. Жоғары сот органының төрағасы Жоғарғы соттың судьялары мен қызметкерлеріне Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы Наиль Рафисұлы Ахметзакировты таныстырды, деп жазады tengrinews.kz.

Осыған дейін, ол Бас прокуратурада әр түрлі лауазымдарды атқарған, ал 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.

Жақып Асанов Наиль Ахметзакировты таныстыра келе, оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Жоғары сот кеңесі тарапынан мақұлданғанын айтты. Наиль Ахметзакировтың кәсібилігі, бастамашылдығы мен көшбасшылық қасиеттері атап өтілді. Жоғарғы Сот Төрағасы Наиль Рафисұлы өзіне тән айрықша қасиетімен Департамент жұмысын қайта құруда және сот әкімшілігін жетілдіруде оңтайлы шешім табатындығына сенім білдірді.

Ахметзакиров Наиль Рафисұлы 1983 жылы дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, Ресей Федерациясының заманауи гуманитарлық академиясын "бухгалтерлік есеп, талдау және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

"Прокурорлық қадағалау" мамандығы бойынша құқықтану магистрі (Ресей Бас прокуратурасының академиясын үздік бітірген). Аға әділет кеңесшісі.

2004-2010 жылдар аралығында прокуратураның аумақтық бөлімшелерінде қызмет еткен. 2011-2017 жылдары - Бас прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарған, соның ішінде Құқық қорғау органдары академиясын басқарған. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервіне алынған. 2018 жылдан 2019 жылдың 20 мамырына дейін - Президент Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған. Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған.