Спортта жоғары нәтиже көрсеткендер өмір бойы материалдық қамтамасыз етілуі мүмкін

0
913

Елімізде Әлем, Олимпиада чемпиондарын өмір бойы материалдық қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатыр.


Спортта жоғары нәтиже көрсеткендер өмір бойы материалдық  қамтамасыз етілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік қолдаудағы келесі маңызды мәселе – жоғары спорттық нәтиже үшін өмір бойы ай сайын материалдық қамтамасыз ету. Бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Бізде 17-18 жастағы жасөспірім чемпион, Олимпиада чемпионы бола алады. Оған бірден өте жақсы ақшалай сыйақы береміз. Барлық әкімдер, бизнесмендер, демеушілер оларды сыйлықтың астында қалдырады. Бұл дұрыс. Ол нәтижеге қол жеткізді, ынталандыру қажет», - деді Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Бірақ, министр одан кейін аталаған адам спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ескерусіз қалатындығына назар аудартты.

«Бүгінде үстемеақы шамамен 70 мың теңге ғана. Бұл мүлдем дұрыс емес сияқты. Сондықтан, егер адам жетістікке жетіп, үлгі көрсетсе, онда ол материалдық тұрғыда лайықты қамтамасыз етілуі тиіс», - деді ол.