Степногорск әкімдігі 386 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

0
78

Құны 1,1 млрд теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.


Степногорск әкімдігі 386 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз жұмсамақ болған

© Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Степногорск қаласында биыл 386 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған, деп хабарлайды облыстық прокуратура, деп жазады sputnik.kz.
Степногорск әкімдігі қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын жоспарлау кезінде бюджет заңнамасын бұзған.
"Жұмыстардың сметалық құны негізсіз ұлғайтылған. Артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдері енгізіліп, заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптар қойылған", - дейді прокуратура.
Құны 1,1 млрд теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалмақ болған 386 млн теңге шығын алынып тасталды.