Степногорскіде қайтыс болған тоғыз адам баспана кезегінде тұрған

0
65

Степногорск прокуратурасы тұрғын үй кезегіне мониторинг жүргізу барысында бірнеше маңызды жайтты анықтады.


Степногорскіде қайтыс болған тоғыз адам баспана кезегінде тұрған

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Тізімде қаладан көшіп кеткен, тіпті өмірден озған қазақстандықтардың бар екені белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола облыстық прокуратурасы мәліметінше, тексеру халықтың әлеуметтік осал топтары" (ӘӘТ) санатындағы кезекте тұрғандарға қатысты жүргізілген. Бұл санатта барлығы 1 095 степногорлық тіркелген.

Тексеру нәтижесінде кезекте тұрғандардың тоғызы қайтыс болса да, 2023 жылдан бері тізімде "тұра бергені" анықталды. Тізімдегі 14 адам қаладан көшіп кеткендіктен, жергілікті тұрғын үйден үміткер бола алмайды. Сондай-ақ, меншігінде жылжымайтын мүлкі бар азаматтар да кездескен. Олар бағдарламадан шығарылды.

"Сондай-ақ, прокуратура тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың едәуір санының болуына қарамастан, ұзақ уақыт бойы нақты бос тұрған босатылған тұрғын үй-жайдың пайдаланылмау деректерін анықтады", - деп хабарлады Ақмола облыстық прокуратурасы.

Нәтижесінде прокуратураның араласуымен пәтер кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй қорына қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлға жауапқа тартылды.