Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін әзірлеп жатыр

0
1 040

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады.


Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін әзірлеп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізін сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңіне дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірленуде, деп хабарлайды, ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба үш негізгі бағыттан тұрады. Біріншісі – Солтүстік Арал мен Сырдария өзенінің саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайды қолдау. Үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңарту.

«Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуде.