Су тасқыны: Қостанай облысының тұрғындарына 21 млн теңге төленеді

0
437

12 сәуірде Түнтігір өзені тасып, салдарынан Қарамырза ауылында 60 үйді су басты.


Су тасқыны: Қостанай облысының тұрғындарына 21 млн теңге төленеді

ERNUR.KZ. Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы Қарамырза ауылының тұрғындарына көрсетілетін көмектің жалпы сомасы 21 миллионнан астам теңгені құрайды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Су тасқынынан зардап шеккен Қарамырза ауылдық округі бойынша мемлекеттік бюджеттен берілетін әлеуметтік көмектің жалпы көлемі 8 021 750 теңгені құрайды»,- деп хабарлады Э.Мұханов.


Бұдан басқа, «Қазақстанның Қызыл Жарты ай» қайырымдылық қоры мен Б.Өтемұратов атындағы қор 181 адамға жалпы сомасы 9 050 000 теңгеге материалдық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, «Қарасу Астық» ЖШС жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге материалдық көмек алады.


«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті одағы» қоғамдық бірлестігінің әлеуметтік және қайырымдылық көмек қоры» Қарамырза ауылының жалпы білім беру мектебінің қызметкерлеріне 1 440 000 теңге көлемінде материалдық жәрдем берді», - деп қосты аудан әкімінің орынбасары.


Ақшалай өтемақының жалпы сомасы 21 миллионнан астам теңгені құрады.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде Түнтігір өзені тасып, салдарынан Қарамырза ауылында 60 үйді су басты.