Су тасқыны: Орал түрмесіндегі сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді

0
546

Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.


Су тасқыны: Орал түрмесіндегі сотталушылар еліміздің басқа өңірлеріне көшірілді

ERNUR.KZ. Су басу қаупі төнуіне байланысты Орал қаласындағы түзету мекемесінен жазасын өтеушілер көшірілді, деп жазады inform.kz.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды. Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді» деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар тұрғындар жазасын өтеушілердің колоннамен эвакуацияланғаны жөніндегі бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп, бөлісіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин су тасқыны кезінде бәріне дайын болуымыз керек екенін айтқан еді.

Сондай-ақ Жайық өзеніндегі су деңгейі Оралда бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.

Орал қаласы әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескертті.