Су тасқыны жаһандық жылыну әсерінен болды – Қазгидромет

0
809

Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші.


Су тасқыны жаһандық жылыну әсерінен болды – Қазгидромет

ERNUR.KZ. Қазақстандағы тасқын жаһандық жылыну әсерінен болды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нұрлан Абаев "Біз біргеміз!" жалпыұлттық телемарафонда айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір әлемде климаттық өзгерістер болып жатыр. Елімізде болған су тасқыны жаһандық жылынудың әсерінен болды. Қыс мезгілінің жылы болуы мұның бір көрсеткіші", - деді Абаев.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше су тасқынынан кейін эвакуацияланған 39 352 адам үйіне оралды. Эвакуациялау пункттерінде 6 552 адам қалды.
Өңірлерде 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумақтарынан су бұрылды.
Су тасқыны басталғаннан бері 13,1 миллион текше метрден астам еріген су сорылып, 1,5 миллион тонна инертті материалы бар 7,6 миллион қап төселді.
Апатты-құтқару және су тасқынын жою жұмыстарына 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника, 291 су сору техникасы және 203 жүзу құралы, 7 ұшақ жұмылдырылған.