Су тасқынына байланысты Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өткізілмейтін болды

0
530

Форум елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты 2025 жылға ауыстырылатын болды.


Су тасқынына байланысты Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өткізілмейтін болды

ERNUR.KZ. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2024 жылдың 25-26 сәуіріне жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты өтпейтін болғанын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Форум елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты 2025 жылға ауыстырылатын болды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Министрлік іс-шараға қызығушылық танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді және оның тоқтатылуына байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деген хабарламада.

Айта кетсек, 2024 жылы 13 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусымға жоспарланған Астанадағы халықаралық форумды өткізбеу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.