Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытай елшісімен кездесті

0
645

​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесуі өтті.


Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытай елшісімен кездесті

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қытай елшісімен кездестіКеліссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестіктің өзекті мәселелерін, оның ішінде алдағы жоғары деңгейдегі іс-шараларды талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жас

Тараптар екіжақты тетіктер шеңберінде және БҰҰ, ШЫҰ мен АӨСШК сияқты көпжақты алаңдарда өзара іс-қимылдың жанданғанын қанағатпен атап өтті.

Биыл қазанда Нұр-Сұлтан қ. АӨСШК Саммитін сәтті өткізуге, сондай-ақ келесі жылы Қазақстанда алғаш рет ұсынылған "Бір белдеу, бір жол" бастамасының 10 жылдығына орай бірқатар бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Келіссөздер соңында тараптар ү.ж. Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтіп, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын растады.