Оқиға 18 мамыр күні, түнгі уақытта “Ұлы дала” шағын ауданында орын алған.
ERNUR.KZ. Желіде Таразда әйелді аяусыз ұрған ер адамның видеосы тарады, деп жазады stan.kz.
Оқырманның айтуынша, оқиға 18 мамыр күні, түнгі уақытта “Ұлы дала” шағын ауданында орын алған.
Видеодан ер адамның әйелді шашынан тартып, сүйрелеп, аяусыз ұрып, аяқпен теуіп жатқанын көруге болады.
Ал оқиға куәгері әйелді ұрып жатқан ер адамға ескерту жасаған. Алайда ол оның сөзіне құлақ аспай, артынша көлігіне мініп қашып кеткен.
“Бишімбаев Таразға да жеткен бе?”, “Тағы бір Бишімбаев”, “Әйелді ұрғандарды құдай ұрсын”, “Видеоға түсіргенше көмектеспей ме?”, “Қорқақ еркектер әлсіздерді ұрады”,- деді желі қолданушылары.
“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Жамбыл облыстық полиция департаментіннен.