ОСК мүшесі Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін айтты.
ERNUR.KZ. Сенаттың жалпы отырысында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады baq.kz.
ОСК мүшесі Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін айтты.
Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабы 3) және 8) тармақтарына сәйкес Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевты өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыныс енгізіп отыр, - деді ол.
Ақпаратқа сәйкес сенатордың басқа жұмысқа ауысуына байланысты өкілеттігі тоқтатылды. Депутаттар тиісті шешімді қабылдады.