Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

0
398

Қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар WhatsApp арқылы адамдардан 3 мыңнан 10 мың теңге аралығында "инвестиция" тартқан.


Тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

ERNUR.KZ. Олар әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркеліп, WhatsApp арқылы 5 "жоба" бастаған, деп жазады inbusiness.kz.

"Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан, жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейін аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен. Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады",- деп жазылған агенттік хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жедел-іздестіру шаралары жүргіп жатыр.