Тағы бір өңірдің қариялары 20 мың теңгеден алады

0
101

Халықаралық қарттар күніне орай өңірде әлеуметтік қолдау шаралары аясында зейнеткерлер мен қарттарға арналған түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп жатыр.


Тағы бір өңірдің қариялары 20 мың теңгеден алады

ERNUR.KZ. 1 қазандағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 185 903 адам зейнетақы алушы ретінде тіркелген, деп жазады baq.kz.

Халықаралық қарттар күніне орай өңірде әлеуметтік қолдау шаралары аясында зейнеткерлер мен қарттарға арналған түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қала және аудан әкімдіктері, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының ұйымдастыруымен азық-түлік себеттері таратылып, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар облыстың бірқатар елді мекендерінде 70 және 75 жастан асқан қарттарға біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған. Бұл көмек жергілікті мәслихаттардың шешімімен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінеді.

Жалпы төлем сомасы – 1 006 490 000 теңгені құрайды.
Бұл бастама бойынша облыс бойынша 51 648 зейнеткер қамтылмақ.

Материалдық көмек мөлшері мен қамтылған азаматтар саны өңірлер бойынша келесідей:

  • Қарағанды қаласы – 75 жастан асқан 23 347 зейнеткерге 20 000 теңгеден
  • Теміртау қаласы – 8 000 адамға 20 000 теңгеден
  • Балқаш қаласы – 70 жастан асқан 4 977 адамға 20 000 теңгеден
  • Саран қаласы – 1 791 адамға 20 000 теңгеден
  • Шахтинск қаласы – 2 647 адамға 10 000 теңгеден
  • Абай ауданы – 2 497 адамға 20 000 теңгеден
  • Приозерск қаласы – 150 адамға 20 000 теңгеден
  • Ақтоғай ауданы – 70 жастан асқан 884 адамға 20 000 теңгеден
  • Бұқар жырау ауданы – 1 520 адамға 20 000 теңгеден
  • Қарқаралы ауданы – 1 183 адамға 20 000 теңгеден
  • Нұра ауданы – 1 241 адамға 20 000 теңгеден
  • Осакаров ауданы – 2 169 адамға 20 000 теңгеден
  • Шет ауданы – 1 242 адамға 20 000 теңгеден.

Еске салсақ, Астанада 1 қазан – Қарттар күніне орай 100 мыңнан астам зейнеткерге 2,5 АЕК шамасында, яғни шамамен 10 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек берілді.