Тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

0
2 621

​Талапкер тестілеуде "Дүние тарихы - ағылшын тілі" пәндерін тапсырған.


Тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі Айым Ержанова ҰБТ-дан 140 балл жинады, деп жазады tengrinews.kz.

Талапкер тестілеуде "Дүние тарихы - ағылшын тілі" пәндерін тапсырған. Ол ҰБТ тапсыруға дайындалған білім беру орталығы Айым Ержановаға бес миллион теңге, жаңа iPhone және Дубайға саяхат сыйлады.

Сондай-ақ, талапкер Астанадағы Еуразия ұлттық университетіне түсіп, оқуын жалғастыруға шешім қабылдады.