Төтенше жағдай кезінде барлық адамның кредиті бойынша төлем уақытында жасалмаса, өсімпұл мен айыппұл салу операциясы тоқтатылды.
ERNUR.KZ. Jusan, Альфа және ВТБ банктері бүлік кезінде қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің кредитін кешіреді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін Еуразиялық, ЦентрКредит, Халык, Сбербанк және Хоум кредит банктері қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің отбасылары алған қарызды кешіретінін мәлімдеген болатын.
Бұдан бөлек, төтенше жағдай кезінде барлық адамның, жеке және заңды тұлғалардың кредиті бойынша төлем уақытында жасалмаса, өсімпұл мен айыппұл салу операциясы тоқтатылды.
Айта кетері, ресми мәліметке сәйкес, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қызметтік міндетін орындаған 18 адам қаза тапты. Олардың ішінде 16 әскери және екі полицей бар.