Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет — министрлік

0
411

Дәрігерлер мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін меданықтаманың талап етілмейтіндігін айтты.


Талапкер үшін медициналық анықтама ЖОО-ға қабылдау кезінде ғана қажет — министрлік

ERNUR.KZ. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 16 шілдеден бастап мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталатынын мәлім етті. Ол онлайн форматта қабылданады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еліміздің көптеген емханаларында талапкерлер медициналық анықтама алу үшін кезекте тұр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі ресми мәлімдеме жасап, анықтама тек университетке қабылдау кезінде қажет болатынын атап өтті.

«Қазір медициналық анықтама алуға ниет білдірушілер саны артқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына құжат тапсыру кезінде анықтама талап етілмейтінін естеріңізге саламыз. Медициналық анықтама тамыз айында басталатын университетке қабылдау кезінде ғана қажет. Яғни оны алатын уақыт әлі бар. Қазіргідей пандемия кезінде өзіңізді және денсаулығыңызды сақтау маңызды», — делінген ведомство хабарламасында.