Талдықорғанда ер адам өзін-өзі атып өлтірді

0
860

Оқиғаны Жетісу облысының Полиция департаменті растады.


Талдықорғанда ер адам өзін-өзі атып өлтірді

ERNUR.KZ. Талдықорғанда ер адам көлігінде отырып, өзін-өзі атып өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл оқиғаны Жетісу облысының Полиция департаменті растады.

«13 желтоқсанда Талдықорған қаласының «Көктем» шағын ауданында өзінің «Toyota HILUX PICK-UP» автокөлігінің ішінде 47-жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Болжам бойынша, ер адам атыс қаруын қолданып өзіне қол жұмсаған. Дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның барысында барлық мән-жайлар анықталады», - делінген хабарламада.