Талдықорғанда метапневмовирустан екі дәрігер қайтыс болды: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

0
111

Ақпаратқа қатысты түсініктеме 2025 жылғы 8 қаңтарда Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында берілді.


Талдықорғанда метапневмовирустан екі дәрігер қайтыс болды: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында екі дәрігер метапневмовирустан қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Ақпаратқа қатысты түсініктеме 2025 жылғы 8 қаңтарда Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында берілді.

"Әлеуметтік желідегі Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында метапневмовирустан екі дәрігердің қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі күні облыста метапневмовирустық инфекция тіркелген жоқ. Айтылған екі дәрігердің бірі Қазақстанда жұмыс істеп артынша Ресейге қоныс аударған болатын. Ол бес жыл бойы онкологиялық аурумен күресіп келді, алайда содан көз жұмды",- деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова.



Бұған дейін Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізілуі мүмкіндігі жайлы хабарланған болатын.