Бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген.
ERNUR.KZ. Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде 8 млн теңгеге тұрғызылған аялдама өртеніп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.
«Біләл Сүллейов көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс. Маман смарт аялдаманың нақты қанша жерге орнатылғанын айта алмады.
«Шамамен 15 орынға қойылған болуы мүмкін», - деді Д.Жаныс.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорғанда 11 млн теңгенің аялдамасы жарты жылдан бері істемей тұрғанын хабарлаған болатынбыз.