Төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталып, олардың бірі әскери адам екені белгілі болды.
ERNUR.KZ. 15 маусымда Талдықорғанның демалыс орындарының бірінде оқ атылды. Оқиға Instagram әлеуметтік желісіндегі Taldykorganec.insta парақшасында жарияланды. Ондағылардың сөзінше, бұзақылық жасағандардың қатарында әскери қызметші болған, деп жазады inform.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әкімшілік қызметкері азаматтан қызмет құнын талап еткен. Бірақ демалушылар демалыс орынына ақша төлеуден бас тартқан. Оның соңы жанжалға ұласқан.
Жетісу облыстық полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын анықтап, тексеру жүргізіп жатқандарын хабарлады. Төбелеске қатыстылардың барлығы ұсталып, олардың бірі әскери адам екені белгілі болды.
«Төбелесті бастағандардың анықталғанын хабарлаймыз, олардың бірі – әскери қызметші. Аталған факті бойынша тергеуді әскери-тергеу басқармасы жүргізеді». - деді Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Алға ауданындағы жастардың төбелесін жазған болатынбыз.