Талғарда ауыр қылмыс жасалды: полиция екі қызды ұстады

0
1 892

21 және 24 жастағы қыздар синтетикалық есірткі өндіретін зертхана ашып, тыйым салынған тауарды Алматы облысы мен қала аумағына таратқан.


Талғарда ауыр қылмыс жасалды: полиция екі қызды ұстады

ERNUR.KZ. Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіретін зертхана әшкере болды. Арнайы операция барысында полицейлер есірткі өндіруге арналған жабдықты, сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті кристалды зат тапқан, деп жазады sputnik.kz.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің психотроптық зат екені белгілі болды.

Талғар аудандық полиция басқармасы бастығының хабарлауынша, қазір екі адам ұсталған. Олар тыйым салынған тауарды Алматы облысы мен қала аумағына таратқанын мойындаған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

"Зертханадан салмағы 10 келі болатын кристалл тәріздес зат табылды. Ұсталған екі күдіктінің бірі 21 жаста болса, екіншісі 24-те. Екеуі де қыз бала және бір-біріне туыстық қатысы бар екені анықталды", – деді Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.