"Тарақан өріп жүр": Ақтаудағы гипермаркетке ірі көлемде айыппұл салынды

0
629

Әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ақтаудағы гипермаркетке ірі көлемде айыпппұл салынды.


ERNUR.KZ. Дүкенде мұздатқыштар ашық, ал ішінде тарақандар өріп жүр, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Мынаны қараңыз, "Динаның" (супермаркет – Sputnik) ішінде жүрміз, тамақтарын тарақан басып жатыр. Мен жаңа наггетсті алайып деп жатсам, тарақан жүр. Соны балам көріп қалды. Міне, тарақан кәдімгідей өріп жүр, мына жерде туылған тарақандар тұр, ", - дейді видео авторы.

Ал екі мұздатқыштың арасындағы қаңылтырды қозғап жібергенде арасынан тарақандар шықты. Қолмен ұстайтын жерінде құрт-құмырсқаның нәжісі анық көрінеді.
Облыстың санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, гиперамаркет басшылығы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық) бойынша жауапқа тартылды. Ол үшін ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1 600 АЕК (5 900 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бірақ оны жеті күннің ішінде төлесе, 50 проценттік жеңілдік бар.