Тараз маңындағы апат: автобуста болған тағы бір Өзбекстан азаматы көз жұмды

0
528

Жол апатынан қаза тапқандар саны үшке жетті.


Тараз маңындағы апат: автобуста болған тағы бір Өзбекстан азаматы көз жұмды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында жол апатынан зардап шеккен тағы бір өзбекстандық тұрғын Жуалы аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осылайша жол апатынан қаза тапқандар саны үшке жетті, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында қаза тапқан екі өзбекстандықтың денесі еліне жіберілді. Дәрігерлер тағы екі адамның жағдайы ауыр екенін айтады. Олардың бірі санитария авиациясымен Тараз көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Апат салдарынан зардап шеккен 20-дан аса адам үйіне оралды. Оларды тасымалдау үшін 8 жедел жәрдем көлігі мен автобус колоннасы ұйымдастырылған.

Еске салайық, 12 мамырда күндіз Тараз маңындағы Алматы-Шымкент тасжолында жолаушылар автобусы жол апатына түскен. Салонда 51 адам болған, оның 46-сы - Өзбекстан тұрғындары.