Тараз тұрғыны досын Калашников автоматымен атып өлтірген

0
1 844

Полиция қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін екенін айтты.


Тараз тұрғыны досын Калашников автоматымен атып өлтірген

ERNUR.KZ. Таразда жас жігіт өзінің жақын досын Калашников автоматымен атып өлтірген. Полицияның болжамына сәйкес, қару Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Сол кезде жергілікті бөлімшедегі мыңнан астам қару қолды болған екен, деп жазады stan.kz.

Қайғылы оқиға бір күн бұрын қаладағы тұрғын аудандағы пәтерде болған. Мылтықтың 28 жастағы екі құрдаста қайдан болғаны әзірге белгісіз. Калашников автоматының дыбысын көрші үйлердің тұрғындары естіген. Кісі өлтіру абайсызда болған деген болжам бар.

Алайда полиция әзірге нақты мәлімет бермеді. Олар жай ғана қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін екенін айтты.

“Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қару Жамбыл облысы ішкі істер департаменті ғимаратынан ұрланған. Қазір олардың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр”, – делінген хабарламада.