Таразда АЭС салуға қатысты көпшілік талқылау өтті

0
435

Іс-шараға Жамбыл облысының Ақсақалдар кеңесі бастамашы болды.


Таразда АЭС салуға қатысты көпшілік талқылау өтті

ERNUR.KZ. Тараз қаласында Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша көпшілік талқылау өтті, деп жазады sputnik.kz.

Спикерлер өз сөзінде қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту екенін атап өтті.

Қазақстанда АЭС салу ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайту есебінен экологиялық жүктемені төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және т.б. мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елде шикізат және өндірістік ресурстар атом энергетикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайтыны аталып өтті.
Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, Энергетика министрлігінің, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС, "Ядролық физика институты" РМК, облыстық және қалалық мәслихаттар, ҮЕҰ, шағын, орта және ірі бизнес, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, энергетиктер, жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен ғалымдары, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктер филиалдарының басшылары және т.б. қатысты.