Таразда білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті

0
933

Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді.


Таразда білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті

ERNUR.KZ. Таразда мектеп оқушысының дәретханада зорланғанына байланысты облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рахия Тұрмаханбетова бұл қызметте бірнеше жыл жұмыс істеді. Оқытушылық өтілі 30 жылдан асады. Сонымен қатар 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мектептің оқу ісі меңгерушісі, математика мұғалімі, кезекші мұғалім, күзетші және мектеп инспекторы да қызметтерінен босатылғаны белгілі болды.

Бұдан бұрын Таразда оқушы зорланған мектептің директоры өз еркімен қызметінен кеткен болатын.