Таразда депутат соққыға жығылған

0
155

Оқиға 13 мамырда кешке қаланың кафелерінің бірінде болған.


Таразда депутат соққыға жығылған

Фото: facebook/Нуреке Алтынбекович

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл жайтты растады, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша оқиға 13 мамырда кешке қаланың кафелерінің бірінде болған. Бұл жағдайдан кейін депутат ауруханаға жеткізілген. Бірақ Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, ол ауруханаға жатудан бас тартқан.

"Бұл дерекке қатысты ҚК 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Қазір қылмыстық іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді құқық қорғау органдары.

Әлеуметтік желілерден алынған ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен барған. Ол заңгер ретінде клиенттермен кездескен. Қолда бар мәліметтерге сәйкес дәл осы уақытта оған шабуыл жасалған. Болжам бойынша ер адам депутатты кастетпен ұрған.