Желіде жарияланған видеодан ересектердің бірден көмекке жүгіріп бара жатқанын көруге болады.
Сурет: Instagram/kris.p.jambyl
ERNUR.KZ. Таразда қатты соққан жел балалар жүрген үрлемелі батутты көкке көтеріп әкетті, деп жазады zakon.kz.
Оқыс оқиға 2026 жылдың 11 тамызында Әулиеата ауданында болған.
Желіде жарияланған видеодан ересектердің бірден көмекке жүгіріп бара жатқанын көруге болады.
"Жел көтеріп кеткен батутта болған екі бала жерге құлап түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша балалар зардап шеккен жоқ", делінген Тараз қаласы Әулиеата ауданының әкімдігі жариялаған түсініктемеде.
Әкімдіктің мәліметінше, қазір батутты орнатқан кәсіпкер мен автотұрақ иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде.


